Жаңалықтарды оқу
  • БАСТЫ БЕТ
  • РЕДАКЦИЯ
  • КӘСІПКЕР КЕЛБЕТІ ГАЗЕТІ
  • КӘСІПКЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • Кәсіпкер келбеті газеті » Жаңалықтар » ТҮЛЕКТЕРІ ТҮГЕЛ ЖОО-ға ТҮСТІ

    ТҮЛЕКТЕРІ ТҮГЕЛ ЖОО-ға ТҮСТІ

    Білім күнінде облыс орталығындағы Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектепте «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мерекелік жиын өтті.

    Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді қарсы алған ұстаздар, білім ордасының ұжымы жиынды ән-күймен көмкерді. Білім ордасының ардагер-ұстазы Марк Подольский ұстаздар мен шәкірттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.

    Биыл 164 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданған. Бала санының жыл сайын көбеюіне орай мектеп жанынан 200 орынға арналған қосымша ғимарат салынып, жақын күндері пайдалануға берілмек. Мұнан бөлек, 3 спорт алаңы да дайын. – Жаңа оқу жылының ерекшелігі, бірінші сыныпқа келетін балалардың құжаты электронды түрде қабылданды. Сонымен қатар, бірдей форма киді. Өткен жылы мектепті 63 түлек бітірсе, 100 процент оқуға түсті. Олардың тең жартысы Ресейдің жоғары оқу орындарының грант иегері. Бұл – ұстаздар үшін үлкен қуаныш. Тағы бір атап айтарлығы, мектеп мұғалімдерінің 30 проценті осы білім ордасының түлегі. Өзім де осы мектеп түлегімін, – дейді мектеп директоры Анжела Садықбекова.