Жаңалықтарды оқу
  • БАСТЫ БЕТ
  • РЕДАКЦИЯ
  • КӘСІПКЕР КЕЛБЕТІ ГАЗЕТІ
  • КӘСІПКЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • Кәсіпкер келбеті газеті » Жаңалықтар » ЖАҢАЛЫҒЫМЕН ЖАНҒА ЖАҚҚАН ЖОЛДАУ

    ЖАҢАЛЫҒЫМЕН ЖАНҒА ЖАҚҚАН ЖОЛДАУ

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялап, еліміздің алдағы дамуына қатысты ой-тұжырымдарын айқындап көрсетті.

    p>Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктері мен қауіпсіздігін қамта­масыз ету, дамыған және инклюзивті экономиканы қалыптастыру, халықты әлеуметтік қамту саласын жаңғырту, сондай-ақ өңірлердің әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларын ұсынды.

    ***

    Облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының көрсетілімі болды. Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, сонымен қатар бірқатар басқарма мен департамент басшылары қатысты.

    Жолдауда Президент ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін көтерді. «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», – деді Мемлекет басшысы.

    Көрсетілім барысында көпшілік тікелей шетелдік инвестиция тарту, өңірлерді дамыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жүк­телген міндеттерді шешудің маңыздылығына мән берді.