ЛИ КА-ШИНГ – КАПИТАЛ ҚҰЮШЫ
  • БАСТЫ БЕТ
  • РЕДАКЦИЯ
  • КӘСІПКЕР КЕЛБЕТІ ГАЗЕТІ
  • КӘСІПКЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • Кәсіпкер және мәдениет туралы » Кейіпкерлер » ЛИ КА-ШИНГ – КАПИТАЛ ҚҰЮШЫ

    ЛИ КА-ШИНГ – КАПИТАЛ ҚҰЮШЫ

    Ли Ка-Шинг – әлемдегі ең бай қытайлықтардың бірі және Азиядағы ең беделді инвестор. Бұл бизнесмен қымбат емес кастюмдер киіп, пластмассалы сағаттар тағуды жөн санайды. Оның кәсіп саласындағы орны «Forbes» журналында да ерекше аталады. Ал, өмір жолы Гарвард университетіндегі студенттерді қызықтырады.

    Өмірінде әртүрлі қызмет саласымен айналысқандықтан, оның кәсіп салты барлық салалардан тұрады.

    Ли Ка-Шинг басқаратын “Hutchison Whampoa” корпорациясы құрылымы жағынан әртүрлі болғандықтан таңғалдырады. Онда, жер шарының барлық бөліктерінде ұсынылған осы қуатты корпорацияның мүдделері саласына телекоммуникациялар, теңіз жүк тасымалы, бөлшек сауда, тіпті косметика өндірісі кіреді. Сондай-ақ, Ли Ка-Шинг компаниясы пәтерлер салып жатыр, электрлік жабдықтау және ұялы байланыс технологиялары саласында акциялар пакеттері де бар.

    Бұл адам шын мәнінде табысты жобаларға ақша салудың бірегей қабілетіне ие. Мысалы, 2007 жылы ол бес минут ішінде Facebook желісін дамытуға үлкен қаражатты инвестициялады және қателеспеді. Бұл капитал салымымен ол өз табысын бір миллион долларға көтерді.

    Ка-Шинг 1928 жылы Қытайда Чаожоуда туылды. Бастапқыда бала Ли Цзячэн деп аталды. Кейінгі аты отбасы жапон армиясының шабуылынан құтыла отырып, Сянганға (Гонконг) қашқанда қойылған.Болашақ миллиардер туған отбасы бай емес, бірақ құрметке тұрарлықтай еді. Оның әкесі мектепте мұғалім болып жұмыс істеді және Қытайда мұғалім мамандығы әрқашан ең беделді және құрметті болды. Әкесі ұлының мұғалімдікті жалғастырып, нағыз ғалым болғанын қалады.

    Жапония Пекин маңындағы арандатумен 1937 жыл шілденің 7-сінен 8-іне қараған түнінде Қытайға қарсы қарулы агрессияны бастады. Сегіз жылдық жапон-қытай соғысы 1945 жылдың 2 қыркүйегі Жапонияның капитуляциясына дейін жалғасты.Соғыс болған кезде ол тоғыз жасқа келді. Екі жылдан кейін, жапон әскерінен құтыла отырып, Ли отбасы Гонконгқа қашып кетті.Өзімен бірге әкесі ең қымбаттысы: кітаптар жинағы мен оқушылары силаған каллиграфияны алды. Әкесі өмір бойы ешкімді өз өмірі үшін ауыртпашылыққа ұшыратпауға тырысты, бірақ ол оның отбасы Гонконгта аш қалмайтындығына сенімді болды, өйткені ол жерде оның ағасы, табысты саудагері тұратын еді.

    Ең алдымен, әкесі Гонконгқа келген соң ұлының бизнес білімін жалғастыруды қалады. Қиыншылықтарға қарамастан Ка-Шин мектепте оқыды. Әкесі қайтыс болған кезде, бала оқуын тастап кетуге тура келді. Отбасын асырау үшін ол ағасынан жұмыс сұрады. Әкесінің ағасы інісін қабылдап, оны сатушы ретінде алды.

    Қырқыншы жылдардың соңында пластикті сату жөніндегі компанияға жұмысқа орналасты. Соғыстан кейін пластмассалар бейбіт өнім өндірісінде қолданыла бастады және жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерге сұраныс күннен-күнге өсті.Соған қарамастан, оған күніне 16 сағат жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан ол өз ісін ашу туралы әлі ойламаған болатын, бірақ оған кездейсоқ жағдай себеп болды.

    Ли Ка-Шингтің өзі айтқандай, бір күні ол жұмыс істеген компания директорының хатшысы ауырып қалды. Бастығы белгілі бір іскерлік хат дайындау қажет болды және оған Ли көмектесуге мәжбүр еді. Ка-Шингтің атынан жазылған хат оны шағын департамент басқарушысына дейін көтерді. Солай ол 19 жасында ең жас пластмасса бұйымдарын шығарумен айналысатын фабрика басшысы етіп тағайындалды. Алайда, 1950 жылы ол барлық қаражатын жинап өз кәсібін бастады.

    Ка-Шинг Еуропаға аттанды. Мұнда ол пластмассаны бояуды және өнімнің сапасын арттырудың жаңа технологияларын зерттей отырып, пластмасса өндіретін барлық фабрикаларды аралап шықты. Еуропаға саяхат нағыз таңқаларлық болды. Пластмасса өндірісі мен өңдеудің еуропалық технологиялары оны болашағын анықтап берді. Еуропада сол жылдары пластмассадан тек сабын, тарақ және түймелер ғана емес, сонымен қатар ыдыс- аяқ, тұрмыстық құралдар мен әшекейлер де жасалынатын.Еуропалық кәсіпорындар полимерлер негізінде синтетикалық жіптерді өндірумен айналысты. Ал ең бастысы, Ка- Шингтің Францияда көрген, пластмассадан толықтай салынған тұрғын үй жобасы оны таң қалдырды.

    Гонконгқа оралып, Ка-Шинг өз өндірісін жаңғыртуға кірісіп, ең үздік технологтарды тауып алды. Келесі бірнеше жылда ол Азиядағы жасанды түстердің ең ірі өндірушісі болды.

    Нәтижесінде 70-ші жылдардың ортасында Ли Ка-Шинг “Cheng Kong Holdings”Гонконг инвестициялық компаниясының жетекші иесі болды.

    1980 жылдары Ли Ка-Шинг биржалық операцияларға шоғырланып, экономиканың жаңа салаларына инвестиция сала бастады. Ка-Шингтің тактикасының ерекшелігі – болашақта пайдалы болатын бизнес салаларын болжап, оларға ақша салған, ал сатып алынған компанияның құны максимумға жеткенде оны сатқан еді.

    1985 жылы Ка-Шинг Hongkong Electric энергетикалық компаниясының акционері болды, ал оның басқа компаниясы, Hutchison Telecom, amps және TACS стандарттарының аналогты мобильді байланысының әлемдегі алғашқы операторы еді.1987 жылы Ка- Шинг «Forbes» журналының миллиардерлер рейтингінде алғаш рет пайда болып, Husky Oil ірі канадалық мұнай-газ корпорациясының тең иеленушісі болды (1991 жылы оның бақылау пакетін өзіне шоғырландырды).

    Ұлыбританияның ұялы байланыс нарығына шыға отырып, Ли Ка-Шинг 1991 жылы Rabbit шығынды сервисін сатып алды, оны Orange брендіне “айналдырды” және 1999 жылы 14,6 млрд. неміс концерні Mannesmann AG-ға сатты.

    1998 жылы Кингтің бақылауындағы сауда желілерінде сатудың жалпы көлемі – 2,7 млрд. долларды, ал оның контейнерлік порттарының жүк айналымы –14,1 млн. TEU(20 фут контейнерінің көлеміне тең жүктің өлшем бірлігі) құрады.2000 жылы Ли Ка-Шинг компанияларын нарықтық капиталдандыруда 100 млрд. яғни, барлық Гонконг компанияларының жалпы нарықтық капиталдандыруының 10%-ын құрайды.

    2000 жылы Ка-Шинг өзінің TOM Group компаниясының акцияларын сәтсіз орналастыруды жүргізді,бірақ одан әрі оның жоғары технологиялық сектордағы инвестициялары өте табысты болды. Содан кейін 2005 жылы ол Skype сервисіне, 2007 жылы – Facebook әлеуметтік желісіне, 2009 жылы – Siri компаниясына,Spotify музыкалық сервисіне, Waze навигациялық сервисіне, Magisto бейнередакторына және hzo гидрооқшаулағыш жабдығына инвестиция құйды.

    Экономиканың дәстүрлі секторларын, соның ішінде қаржы дағдарысын бастан кешірген Еуропада Ка-Шингті де өз назарынан тыс қалдырмады. 2010 жылы 9 млрд. Électricité de France атты Француз компаниясынан оның Британдық электр энергетикалық активтерін сатып алды, ал 2011 жылы Британдық Northumbrian Water Group (сумен жабдықтау және кәріз), 2012 жылы – Orange Austria австриялық мобильді операторы сатып алды.Сондай- ақ, 2012 жылы Ли Ка-Шинг Австралияда ірі салымдар жасады. Оларға,Peaty Trading Group ауыл шаруашылық сауда компаниясын, «Үш Жүзімдікті» және Cheetham Salt тұзының ірі өндірушісін сатып алғандығын айта аламыз.

    Алайда, Ка-Шинг активтерді белсенді сатып алып қана қоймай, табысты сатады. 2006 жылы ол сингапурлық PSA International корпорациясының (Port of Singapore Authority) Hutchison Port Holdings компаниясының 20% акциясын, ал 2007 жылы – Hutchison Essar Үнді ұялы байланыс операторына Vodafone Британдық тобында 11 млрд.доллардан астам акциялар пакетін сатты.

    Нәтижесінде ол бүгінде әлемдегі барлық контейнерлік тасымалдардың 13 пайызын бақылай алады. Ол сауданы басқару үдерістерін кешенді автоматтандыруға қаражат аямайды. Сондай-ақ,”Hutchison Whampoa” бүкіл әлем бойынша 7800 бөлшек сауда дүкендерін біріктіреді.Ка-Шинг өнеркәсіптік және әлеуметтік мақсаттағы ғимараттардың құрылысына қомақты сома салады. Оның концерні телекоммуникациялық бизнеске кірді. Ол басқаратын компания қызмет көрсететін Азия, Оңтүстік Америка, Еуропа және Таяу Шығыста абоненттер саны 20 миллионға жақындап келеді.

    Ал, оның әйелі Лэй Чон Ютмин 1990 жылы 56 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Ли Ка-Шингтің екі ұлы бар. Cheung Kong және Hutchison Whampoa компанияларында төрағаның орынбасары қызметін атқарып отырған үлкен ұлы Виктор Ли және отбасылық бизнесте үлесі бар, бірақ Pacific Century Group жеке корпорациясына басшылық ететін кішісі Ричард Ли. Сондай-ақ,бүгінде Ли Ка Шингтің жеті немере сүйіп отыр.

    Дайындаған: АЙДАНА.