• БАСТЫ БЕТ
  • РЕДАКЦИЯ
  • КӘСІПКЕР КЕЛБЕТІ ГАЗЕТІ
  • КӘСІПКЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • Редакция » Бас редактор

    Бас редактор

    Таңрықбаев Жүзбай Ибрагимұлы 1950 жылы 10 мамыр күні бұрынғы Құмсуат қазіргі Бірлестік ауылында дүниеге келген.

    1968 жылы Орджонокидзе атындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін, 1968-1971 жылы Қызылорда қаласындағы политехникумына түсіп техник-механик мамандығын алады. Енбек жолын «Казсельхозтехника» автобазасында жүргізушіліктен бастаған. Бірнеше автокөлік мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған. «Казсельхозтехника» автобазасында директор, облыстық автоуправление басқармасында партком хатшысы қызметін атқарған. «Астана-моторс» ЖШСде атқарушы директор қызметін атқарған. «Дорстой» ЖШСде бас директордың кеңесшісі қызметтерін атқарған.

    Жұмыстан қол үзбей жүріп, Алматы ауылшарушылығы институтының механика факультетін бітіріп, инженер-механик мамандығын алды. Еліне еткен қызметі бағаланып, «ҚР Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен марапатталды. Ж. Таңрықбаев өзге салада жүрсе де қолынан қаламын тастаған емес. Жылт еткен жаңалықты, үлгі етер ойларын баспасөз арқылы халыққа жеткізуді келешек ұрпақ алдыңдағы парызы санады. «Балалық шағым-балдәуренім», «Сыр саңлақтары», «Өткен күндерден бір белгі», «Шуақты күндер», «Туған жерді ту еттім», «Елімнің күн сәулесіндей Астана», «Женіске жеткен жауынгерлер», «Сұлушаш», «Жайсаң жандар», «Тәуелсіз ел топжарғандар», «Тағдырлар тоғысы» атты кітаптардың авторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Қазіргі кезде зейнеткер, енбек ардагері, қала әкімінің қоғамдық кеңесшісі, облыстық «Кәсіпкер келбеті» газетінің және Республикалық «Кәсіпкер және мәдениет» журналын басқарып отыр. Ы.Жақаевтың 125 жылына арналған, «Ел ардақтысы», «Қорқыт Ата» атындағы алтын медалдарымен марапатталған. 2017жылы Қызылорда қаласы бойынша «Мерейлі отбасының» жүлделі үшінші орынға ие болды. Бірнеше рет облыстық, қалалаық, Облыстық кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттармен марапатталған. 2011 жылы 2 қыркүйек күні Елбасының Сыр еліне келген іс сапарында Сыр елінің еңбеккерлерінің жұмыстары жәйлы сұбқаттасып үлкен абыройға иеболған.

    Бұл күнде Есенбекқызы Шырынкүл екеуі бес бала тәрбиелеп, олардан жиырмшақты немере екі шөбере сүйіп отыр.