• БАСТЫ БЕТ
  • РЕДАКЦИЯ
  • КӘСІПКЕР КЕЛБЕТІ ГАЗЕТІ
  • КӘСІПКЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • Кәсіпкер келбеті газеті » Газет туралы

    Газет туралы

    Бүгінгі қоғамдық қатынастарда жеке кәсіпкерлердің ықпалы зор. Мемлекетіміз қай кезде де кәсіпкерлікті қолдап, түрлі бағдарламалар қабылдау арқылы оларға жағдай жасап келеді.

    Облыстық «Кәсіпкер келбеті» газетінің өмірге келу идеясы кәсіпкерлікке қолдау білдіре отырып, елді еңбекке шақыру, кәсіп ашудың жолында тәжірибе жинаған адамдардың қызметін насихаттау тұрғысынан туды. Осылай құрылған газетіміз 2014 жылдың 20 наурыздан бері жарық көріп келе жатыр.

    Бүгінде өзіміз ойға алған мақсат үдесінен шығып та келеміз. Қазір газет осы сала жұмысын әр қырынан көрсетуге машықтанды. Салаға қатысты республика бойынша болып жатқан заңнамалық өзгерістер, қолға алынып отырған бағдарламалар да газет бетінен орын алады.

    «Кәсіпкер келбеті» биылғы 2018 жылдың сәуір айынан өзінің www.100batyr.kz сайтын ашып отыр.

    Газет әр аптаның сейсенбі күні 4 мың дана таралыммен жарық көреді. «Принт» баспаханасынан басылып шығады.