• БАСТЫ БЕТ
  • РЕДАКЦИЯ
  • КӘСІПКЕР КЕЛБЕТІ ГАЗЕТІ
  • КӘСІПКЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • Редакция » Біз туралы

    Редакция туралы

    Газет редакциясында үйлестіруші бас редактор және 2 тілші, 1 дизайнер, 1 хатшы-референт қызмет етеді.

    Редакция қызметкерлері барлық редакцияларға тән ортақ тәртіпті ұстанады.

    Газеттің құрылтайшысы есебінде мен мереке күндері қызметкерлерге өз есебімнен ақшалай сыйақы беріп келемін. Сондай-ақ, қызметкерлердің отбасындағы жағдайларға да көмек беруге ниеттімін. Бұл үшін әрине, қызметкердің жұмысқа деген қарым-қатынасы есепке алынады.

    Осы редакция қызметкерлері газетке де, журналға да ортақ жұмыс жасайды.

    Редакция жұмысына тұрақты қызметкерлерден бөлек қаламақыға жұмыс істейтін авторлар да, белсенді оқырман да қатыстырылып отыр.

    Алғашында тұрақты редакция ғимараты, яғни баспанасы болмаған газетіміз жалдамалы үйлерде тұрды. Бірақ ол жұмыс істеуге мүлде қолайсыз болды.

    Осы жағдайларды сыйласып жүрген жасы кіші азамат, «ҚазҚұрылыс-сервис» серіктестінің басшысы Айдарбек Сейітмұратовқа айтқанымда ол «баспасөзге көмектесуге әзірміз» деп өзінің жеке ғимаратынан екі бөлме босатып берді.

    Қазірге дейін сол екі бөлмеде жұмыс жасап келе жатырмыз.

    Жүзбай Таңрықбаев, «Кәсіпкер келбеті» ЖК директоры, «Кәсіпкер келбеті» газеті мен «Кәсіпкер және мәдениет» журналының басредакторы.