• БАСТЫ БЕТ
  • РЕДАКЦИЯ
  • КӘСІПКЕР КЕЛБЕТІ ГАЗЕТІ
  • КӘСІПКЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • Кәсіпкер және мәдениет туралы » Журнал туралы

    Журнал туралы

    Кәсіпкерлерге арналған «Кәсіпкер және мәдениет» журналы 2015 жылдың ақпан айынан шыға бастады.

    «Кәсіпкер келбеті» газеті ашылған соң оның қызмет аясын кеңейте түсуді ойластырдық. Шынына келгенде бұл өмір сұранысы болды. Әрине, өзінің жасап жатқан жұмысын жалпақ жұртқа насихаттай отырып, өз беделін көтеруге ешкім де қарсы емес. Дегенмен, көптеген кәсіпкер газеттің солғын бетінен емес, жарқыраған айшықты журнал бетінен көрінгісі келетінін жасырмайды. Міне, дәл осы мақсатта журнал ашуға тәуекел еттік.

    Рас кейде газетке қосымша жүк әкелген журналдың өзіне жұмсалған қаржыны ақтай алмай қалатын кездері болады. Бірақ біз оған мойымаймыз. Өйткені қаржылық байи алмағанмен, елдің ортақ ісіне бір мысқал болса да үлес қосып келеміз. Осы тұрғыдан келгенде мерзімді баспасөздің пайда түсіруіне көп уақыт керек. Яғни, ол он бес жылдан соң ғана жеміс беретін құрма ағашы секілді.

    Дегенмен 2 мың данамен жарық көріп келе жатқан журнал қазір тек облыс көлеміне ғана емес, республиканың өзге аймақтарына да таныс болып қалды.

    «Принт» баспаханасынан айына 1 мәрте басылып шығады.